2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 13 және 14-5 баптарына сонымен қатар, 24.07.2020 ж. №237 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке, алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкiлеттi органға фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi.
Яғни, барлық пестицидтерді қолданушы шаруашылықтар бекітілген нысандар бойынша тиісті уақытта фитосанитариялық есептерді өз аудандық аумақтық инспекцияларға тапсыруға міндетті.
Фитосанитариялық есепке алу нысандарын атай кетелік.
1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті пестицидтерді, биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, энтомофагтарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері жылына екі рет, бір рет 10 шілдеге дейін және бір рет 10 қаңтарға дейін;
2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есепті жылына екі рет, 10 шілдеге дейін бір рет, 10 қаңтарға дейін бір рет;
3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есепті жыл сайын 10 қаңтарға дейін;
4) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті өз өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді, биоагенттерді қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10-күніне дейін;
5) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыру туралы есепті тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыруды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері жыл сайын, 10 қаңтарға дейін.
Осы көрсетілген фитосанитариялық есептерді орындамағандар мен есеп бермеушілер 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 14-5 баптар талаптарын бұзған, орындамаған болып табылады.
Осыған байланысты өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар есеп бермеген жеке және заңды тұлғаларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 403 бабының тиісті тармақтарына сәйкес жеке тұлғаларға – 5, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша және өсімдіктерді қорғау саласына байланысты басқа да сұрақтар болса, Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторына хабарласып кеңес алуыңызға болады. Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі №9. Тел.: 32-78-19.
М.В. Кущева,
ҚР АШМ АӨК МИК «Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының» өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы





























