Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары көрсетеді.
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1. «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»;
2. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу»;
3. «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру».
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда ресімделеді. Карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде.
Тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
ҚР АШМ АӨК МИК аумақтық инспекцияларында карантинге жатқызылған өнім тиеленетін жерінде беріледі. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Карантинге жатқызылған өнімдерді шығару және кіргізу бойынша туындаған сұрақтар бойынша Талдықорған қалалық аумақтык инспекцияға Біржан Сал көшесі 9, тел.: 8(7282) 32-78-19 хабарласуыңызға болады.
М.В. Кущева,
ҚР АШМ АӨК МИК «Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының» өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы





























