2025 жылы 60 мыңнан астам азамат «Жеке менеджер» сервисін пайдаланды. Қызмет барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда қолжетімді, сондай-ақ көшпелі форматта көрсетіледі.
📌Қызметті алу үшін кез келген ХҚКО немесе МХҚКО-дағы тіркеу орнына жүгіну жеткілікті. Жеке менеджер өтініш беруден бастап дайын құжатты алғанға дейін барлық кезеңде көмек көрсетеді.
Қызмет құны:
🔹ХҚКО-да – 5 697 теңге
🔹Мамандандырылған орталықта – 6 306 теңге
🔹Көшпелі қызмет – 7 447 теңге
🖥️Өтінімді Мемлекеттік корпорацияның сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде немесе 1414 байланыс орталығы арқылы беруге болады. Өтінім расталғаннан кейін оператор хабарласып, қызмет көрсету уақытын нақтылайды.
💼Қызмет әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналар, кәсіпкерлер, егде жастағы азаматтар және жұмыс кестесі тығыз адамдар арасында сұранысқа ие.





























