«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның болашағы үшін!» Жетісуда өңірлік коалиция мүшелері жаңа мәтінде ұсынылған Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша үкіметтік емес ұйымдар, жастар, жұмысшы шаруашылық қожалықтарында кездесулер ұйымдастыруда.
Конституцияның жаңа жобасының мәтінін түсіндіру барысында халық кеңесі, заң және референдум, әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет бекітілетіні туралы, азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы нормалар түсіндірілді. Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітілетіні, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты, неке — ер адам мен әйел адамның тең құқықты одағы екендігі туралы ереженің, әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейту т.б. түсіндірмелерді жүргізді. Тыңдаушылар жаңа заң жобасы бойынша өз сауалдарын қойды. Атап өтер болсақ, адамдарды тұрғын үйден заңсыз шығарып жібермеу, азаматтықтан заңсыз соттың шешімінсіз айырмау, халықтың құқығын қорғайтын бірден бір адвокаттарға заңда жеке көңіл бөлінгені орынды деп санайды. Сонымен қатар цифрландыру үдерістерін жеделдету, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық экожүйе қалыптастыру және адами капиталдың сапасын арттыру – елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін шешуші факторлар ретінде айқындалғанын ерекше қуаттайды. Жаңа Конституция жобасының басты басымдықтарының бірі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті қоғам құру туралы жазбалары ұнайды деген пікірлерін білдіруде. Кездесуге қатысқан азаматтар референдумда таңдау жасау — мемлекеттің болашағы үшін маңызды екенін түсініп, қолдау танытатындарын білдірді.
Гүлниса Тұлымшақова, Талдықорған қалалық мәслихатының VIII-шақырылымының депутаты





























