22.5 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 26 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 331

Елді мекендердің электрондық картасы әзірленді

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне бұл жолы Жетісу облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы   Даркен Нұржанұлы келіп, БАҚ өкілдерімен кездесті.   Спикер аталмыш  басқарманың өткен жылғы атқарған жұмысы мен 2025 жылы сәулет саласында іске асырылатын жобалар турасында баяндады. -   Бүгінгі таңда Жетісу облысының 358 елді мекені бас жоспарлармен қамтамасыз етілді. Алайда,  қажетіне қарай түзетулер жүргізілуде. Облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен...

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

«Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет» Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы қазақстандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және...

С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кітаппен DOSBOLIKE» атты интеллектуалды ойыны өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Кітаппен DOSBOLIKE» атты интеллектуалды ойыны өтті. Шараға топтық жарыста өздерінің білім деңгейін көрсету, тез ойлау қабілеті мен логикасын шыңдау мақсатында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Абай атындағы №1 ОМ 9 сынып оқушыларынан төрт команда жасақталды. Олар: «Жас қыран», «Жалын», «Дарын», «Самға» топтары. «Кітаппен DOSBOLIKE» интеллектуалды ойыны 4 кезең бойынша: «Бәйге»,...

Жастарға қызмет көрсету орталығында облыс кітапханашыларының қатысуымен инклюзивті тренинг өтті

Талдықорған Жастары орталығы мен «It Service Education» Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері арасында инклюзивтік тренинг өткізілді. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуі мен инклюзивті білім алуға деген көзқарасты жақсартуға бағытталды. Тренинг барысында қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен олардың күнделікті кездесетін қиындықтары туралы тың ақпараттар алды. Сонымен қатар, шараға зағип және нашар...

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі «Халық Банк» мекемесінде өтті. Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба.  Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін...

«Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, «Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды. Бастама мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық пен волонтерлік қызметті дамытуды көздейді. Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын насихаттауға бағытталған. Қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті. Флешмоб шарттары туралы...

Жетісу аймағы: Шекараның үздігі

Шекарашылардың қатарында адал қызметімен ерекше көзге түсіп, өз саласында жақсы жетістікке жеткен мамандар жетеерлік. Солардың бірі - ефрейтор Ғабит Есмұрат. Ол ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының «Нұр Жолы» (жолаушылық) шекаралық бақылау бөлімінің аға нұсқаушысы. 2019 жылдан бері жасыл күнқағарлылардың сапында еңбек етіп келе жатқан шекара сақшысы жоғары кәсіби шеберлігімен танымал. Ғабит Ермекұлы Отан...

Қайыстан өрмек тоқыған…

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында қызметіне адал  тұлғалар қызмет етеді. Солардың бірі - Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының қайысшысы Қуаныш Жамашев. Оның өмір жолы мен қызметтегі жетістіктері - шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан еңбек адамының жарқын үлгісі. Қуаныш Серікұлы 2006 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жаркент қаласындағы 2091 әскери бөліміне келісімшарт...

Талдықорғанда жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары жалғасын табады

Биылғы жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен ғасырдың 80-90 жылдары салынған жылу құбырларын жаңғырту жұмыстары жалғаспақ. Естеріңізге салсақ, өткен жылы Гагарин, Алдабергенов, Қаблиса жырау, Жансүгіров, Қабанбай батыр көшелерінде жылу құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 5,4 шақырым болатын жылу құбырлары жаңғыртылған болатын. Сонымен қатар, Абай, Дарабоз ана, Қабанбай батыр, Балпық би көшелерінде 1,8 шақырым болатын жаңа жылу желілері салу...

Адал қызметі мен еңбегі үшін марапат

 Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков «Адал қызметі мен еңбегі үшін» марапатына ие болды. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өткен болатын. Жиында өңірдің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылғы міндеттері туралы мәселелер талқыланды. Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында үздік...