С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кітаппен DOSBOLIKE» атты интеллектуалды ойыны өтті

66

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Кітаппен DOSBOLIKE» атты интеллектуалды ойыны өтті. Шараға топтық жарыста өздерінің білім деңгейін көрсету, тез ойлау қабілеті мен логикасын шыңдау мақсатында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Абай атындағы №1 ОМ 9 сынып оқушыларынан төрт команда жасақталды. Олар: «Жас қыран», «Жалын», «Дарын», «Самға» топтары. «Кітаппен DOSBOLIKE» интеллектуалды ойыны 4 кезең бойынша: «Бәйге», «Полиглот», «4 сурет, 1 сөз», «Ойлан, тап!» өтті. Ойында  қатысушылар зеректілігін арттыра отырып, сайысып, жүзден жүйрік атанған «Самға» тобы оза шауып жеңіске жетті. Кітапхана директоры атынан диплом табыс етілді.

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз