Талдықорғанда жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары жалғасын табады

43
Биылғы жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен ғасырдың 80-90 жылдары салынған жылу құбырларын жаңғырту жұмыстары жалғаспақ. Естеріңізге салсақ, өткен жылы Гагарин, Алдабергенов, Қаблиса жырау, Жансүгіров, Қабанбай батыр көшелерінде жылу құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 5,4 шақырым болатын жылу құбырлары жаңғыртылған болатын.
Сонымен қатар, Абай, Дарабоз ана, Қабанбай батыр, Балпық би көшелерінде 1,8 шақырым болатын жаңа жылу желілері салу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында толық аяқталатындығы  жоспарлануда,- деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Сала мамандарының сөзінше, бұл жұмыстар қала аумағында жылыту маусымы кезінде орын алатын авариялық жағдайды болдырмау, шаһарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр, — дейді олар.
Бүгінде қаламызда жылумен және ыстық сумен қамтып отырған 10 қазандық жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, қаламыздағы ең үлкен «Басқуат» жылу қазандығының жүктемесін азайту мақсатында қосымша тағы «Оңтүстік-Батыс» тұрғын ауданында жаңа кварталдық қазандықтың құрылысы басталып, бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі Ернат Бәзілдің тапсырмасына сәйкес, қаламыздың жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде кезең-кезеңімен жалғаспақ.
Айта кетейік, биылғы жылы Жансүгіров көшесіндегі жалпы ұзындығы 3,4 шақырым болатын диаметрі 700 мм магистралды жылу желілерін жаңғырту үшін жоба әзірленетін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз