Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков «Адал қызметі мен еңбегі үшін» марапатына ие болды.
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өткен болатын. Жиында өңірдің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылғы міндеттері туралы мәселелер талқыланды.
Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында үздік атанып, «Адал қызметі мен еңбегі үшін» марапатына ие болды.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев аса жауапты қызметте адал еңбек етіп, халықтың мүддесі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан Жеңіс Саятбекұлының әр қадамы жас мемлекеттік қызметшілер үшін үлгі-өнеге екендігін ерекше айтып өтіп, алғысын білдірді.