«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті

79

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі «Халық Банк» мекемесінде өтті. Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба.  Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. 2025 жылы ел болып оқитын кітап ретінде проза жанрындағы ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін  Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары банк қызметкерлері мен келушілерге таныстырылды.

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз