Қала әкімі менторлармен кездесті
«Жетісу жастары» орталығының мәжіліс залында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала мектептерінің менторларымен кездесті,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында қала әкіміне 2024 жылы менторлармен бірлесіп атқарылған жұмыстар жайында баяндалып, алдағы міндеттер мен межелер талқыланды.
Еркін форматта өткен жиында менторлар тарапынан ұсыныстар мен өзекті сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді әрі мақсатты өткізу мақсатында...
Ветеринария мамандығында оқитын білімгерге арналған тәжірибелік экскурсия ұйымдастырылды
Жұмысшы мамандықтары жылына орай Талдықорған қаласының әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес,Талдықорған агротехникалық колледжінің ветеринария мамандығында оқып жатқан студенттер шаруашылықтарға барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, бұл шара тәжірибе алмасу және ынталандыру мақсатын көздеді.
Шара барысында студенттерге Өтенай ауылында орналасқан ветеринарлық станция мен ондағы мамандардың жұмысы туралы толық білуге мүмкіндік туды. Жалпы мекеме жұмысымен мал дәрігері Талғат...
Әскерге шақыру науқаны. Сапқа қосыл, сарбаз!
Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, аудандық, қалалық әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың төрағалары қатысуымен Оқушылар сарайында жиын өтті. 2024 жылғы күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы және 2025 жылғы көктемгі әскерге шақыруға тапсырмалар туралы баяндамалар тыңдалып, бірқатар мәселелерге назар аударылды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18-27 жасқа дейінгі ер азаматтар, әскерге шақыру бойынша белгіленген...
Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу
«Қазақстанның болашағы – отаншыл, білімді, еңбекқор азаматтардың, яғни жастардың қолында. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін!» – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
2024 жылы қазақстандық жастармен жұмыс істеудің басты бағыты «Адал азамат» тұжырымдамасы болды. Бұл бағытты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айқындап берді. Тұжырымдама адалдық, әділдік және еңбекқорлық секілді құндылықтарды насихаттауға негізделген.
Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – жастарды жұмыспен...
Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы негізінде жүзеге асады.
Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы:
1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;
2) қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына...
Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуды ұсынды
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды muftyat.kz. "Қадірлі отандастар! Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп,...
Өтенай ауылында дәрігерлік амбулатория салынады
Өтенай ауылы тұрғындары іргетасы 1986 жылы қаланған ескі ғимаратта ем қабылдауға мәжбүр болып, сапалы медициналық көмек алу, дәрігерге қаралу, жатып ем қабылдау жағыда алаңдадып келген болатын.
Естеріңізге салсақ, қала әкімі Ернат Бәзіл Өтенай ауылының тұрғындарымен жүздесуі кезінде ауылға жаңа емхананың керек екендігін айтып, назарға алуды сұраған болатын. Өз кезегінде қала әкімі мәселені жіті бақылауына алып, оңтайлы шешіп беретіндігін уәде еткен...
Қала әкімі «Жанұя» орталығы жұмысымен танысты
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектердің әрбіріне психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ отбасы институтын жан-жақты қолдап, қысқа мерзімді оқу курстарын ұсынатын мекеме.
Осыған орай, қала әкімі орталықта жаңа өмір бастап, әртүрлі санаттағы көмек алып, оқу курстарынан өтіп жатқан қыз-келіншектермен тілдесіп, уақытша пана бөлген аруларымызға әрқашан...
Майдангердің жауынгерлік жолы
4 жылға созылған соғыс қаншама қайғы мен қасірет әкелді. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранда аналардың құрғамаған көз жасы, әкесіз өскен баланың мұңы жатты.
Кеңес кезіндегі Отан үшін болған майданда әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жанқиярлық көзсіз ерліктің арқасында жауға тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған ...
Талдықорған қалалық соты коуч-тренерге қатысты іске шешім шығарды
«Қалай бай өмір сүру керек» немесе «Тендерге қатысып миллион табыңыз», біз бәріміз күн сайын әлеуметтік желілерде осындай тақырыптағы әртүрлі курстар мен тренингтердің әдемі жарнамаланғанын көріп жүреміз.
Алайда, мұндай курстар әрдайым үмітті ақтамайды, көбінесе қазақстандықтар курстың сауатсыз және сапасыз оқуына кездесуде. Мұндай жағдайға Жетісу облысының, сондай-ақ Алматы, Қостанай облыстарының және Астана қаласының тұрғындары Талдықорған қаласындағы "Я" жеке кәсіпкерінен 20-ға жуық тұтынушы...




























