Әскерге шақыру науқаны. Сапқа қосыл, сарбаз!

96

 Жетісу облысы  Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, аудандық, қалалық әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың төрағалары қатысуымен Оқушылар сарайында жиын өтті.  2024 жылғы күзгі азаматтарды мерзімді әскери  қызметке шақыру қорытындысы және 2025 жылғы көктемгі әскерге шақыруға тапсырмалар туралы баяндамалар тыңдалып, бірқатар мәселелерге назар аударылды.  Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18-27 жасқа дейінгі ер азаматтар, әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2025 жылдың наурыз-маусым айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне,  ҚР Ұлттық Ұланына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылады. Жетісу облысы бойынша барлық қала, аудан ЖАО әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шешімдері (қаулы) уақытында шығарылды. Әскерге шақырылушыларды сапалы медициналық куәландыру өткізу үшін аудан мен қалаларда ҚІБ(Б)-де 10 медициналық комиссия және Талдықорған қаласындағы облыстық жиналыс пунктінде бір медициналық комиссия құрылды. Ал, Ескелді  ҚІББ-де 3 ауданды біріктіретін (Ескелді, Көксу және Текелі қ.) 3 медициналық комиссия жұмыс істейді. ҚІБ(Б)-де медициналық комиссияларда жұмыс істеу үшін 80 дәрігер-маман және 32 орта медицина қызметкері тартылған.

Жиын соңында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі  департамент бастығы, полковник Медет Турскелдиев  бірқатар  азаматтарға марапаттар табыстады.

 

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз