Қала әкімі «Жанұя» орталығы жұмысымен танысты

66
 Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектердің әрбіріне психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ отбасы институтын жан-жақты қолдап, қысқа мерзімді оқу курстарын ұсынатын мекеме.
Осыған орай, қала әкімі орталықта жаңа өмір бастап, әртүрлі санаттағы көмек алып, оқу курстарынан өтіп жатқан қыз-келіншектермен тілдесіп, уақытша пана бөлген аруларымызға әрқашан әкімдік тарапынан қолдау көрсететінін жеткізіп, осы қоғамға қажет екендіктерін атап өтті.
«Жанұя» орталығының мәліметінше, өткен жылы орталыққа 695 адам жүгініп, оларға 746 қызмет түрі көрсетілген. Олардың басым бөлігі психолог маманына — 121, логопедке — 88, заңгерге — 131, әлеуметтік қызметкерге — 122 адам жүгінген.
Сонымен қатар, қысқа мерзімді оқу бойынша 2024 жылдың мамыр айынан бері барлығы 85 ана әртүрлі бағыттағы курстар бойынша оқып, білім алып, өз кәсібін бастауына мүмкіндік алған. Атап айтқанда, бет әрлеу – 10, компьютерлік сауаттылық – 18, шаштараз кәсібі – 14, тігін – 15, және массаж кәсібі бойынша – 28 келіншек дәріс алған. Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да ерекше қарқында жүзеге асуда.
                                      Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз