Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары

100

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы негізінде жүзеге асады.

Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы:

1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;

2) қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды, 21-хромосома бойынша трисомиямен (Даун синдромы), организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын паллиативті көмек алатын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

Мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы нашарлаған кезде уақытша жұмысқа жарамсыздық күнінен немесе балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген күннен бастап екі айдан кейін, МӘС-ға жіберіледі.

Медициналық ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға (қайтадан куәландыруға) жібереді.

Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.

Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС оның тұрақты тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:

1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;

2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;

3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;

4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторында;

5) үйінде көрсетіледі;

6) сырттай;

7) сырттай проактивті.

Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді бұйрығымен мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/ 2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 cәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бекітілген Дәрігерлік-консультациялық бұйрығымен комиссияның қызметі туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды.

МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды көзбе-көз тексеру, организм функцияларының бұзылу мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі басшысының немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі

МӘС сырттай проактивті форматта жүргізуге сараптамалық қызметтер көрсету үшін келісімшарт негізінде МӘС тәуелсіз сарапшылары тартылады.

МӘС сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға сәйкес 6-қосымшаға организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі (бұдан әрі – жіктеме), сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес он 7-қосымшаға сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.

МӘС жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілігі санаттарының бірінің ( өзін-өзі күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбек қабілеті), оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас, өз мінез-құлқын қадағалау, ойын және танымдық қызмет, белсенді қозғалыс қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленбейді.

Сараптамалық қорытынды: жүгінген күні шығарылады.

Көзбе-көз куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісуімен үйде, стационарда, ал куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген кезде сырттай, №031/е нысаны бойынша ДКК ұсынысы негізінде жүргізіледі. Сырттай куәландырылған (қайта куәландырылған) кезде №031/е нысанды куәландырылатын адамның орналасқан жері бойынша өңірдің медициналық ұйымы рәсімдейді.

Адамды мүгедектігі бар адам деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:

1) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;

2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);

3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады. Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіздеме болып табылмайды.

                                                                                                                 Е.Юн,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы

реттеу және бақылау комитетінің

Жетісу облысы бойынша департаменті МӘС ӘББ бас маманы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз