Талдықорған қалалық соты  коуч-тренерге  қатысты іске шешім  шығарды

372
Фото А. Ахмедиева

 «Қалай бай өмір сүру керек» немесе «Тендерге қатысып миллион табыңыз», біз бәріміз күн сайын әлеуметтік желілерде осындай тақырыптағы әртүрлі курстар мен тренингтердің әдемі жарнамаланғанын көріп жүреміз.

Алайда, мұндай курстар әрдайым үмітті ақтамайды, көбінесе қазақстандықтар курстың сауатсыз және сапасыз оқуына кездесуде. Мұндай жағдайға Жетісу облысының, сондай-ақ Алматы, Қостанай облыстарының және Астана қаласының тұрғындары Талдықорған қаласындағы «Я» жеке кәсіпкерінен 20-ға жуық тұтынушы тап болды.

Бастапқыда бірінші дабылды оқытудың сапасыз қызметіне тап болған тұтынушы Жұлдыз Идрисова хабарласып,  Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді.

Материалдарды зерттегеннен кейін департамент бұл жағдай туралы әлеуметтік желілерде жарияланым жариялады. 2024 жылғы 11 қазанда азаматтарды қабылдауды ұйымдастырып, онда тендерді оқытудың сапасыз қызметін көрсету бойынша 8 тұтынушының  өтініштері қаралды. Өтініштермен қоса берілген құжаттарға сәйкес тұтынушылар тендерде ақша табу үшін серіктестік курстарды оқыту қызметтерін сатып алған.

Кәсіпкер қол қойылған келісімшарттарды жіберуге уәде беріп, қызмет көрсету туралы шарт жасамалмаған, заң талаптарын орындамаған.

Тұтынушылар коуч-кәсіпкер курс үшін төлемді қабылдаған кезде фискалдық чектер бермеген, ал аударым нөмірлері кезекті төлем кезінде жаңаларын көрсеткен, бұл дегеніміз салық заңнамасының бұзылуы деп мәлімдейді.

Сонымен қатар, кәсіпкер уәде етілген айлық курстардың орнына тек 3 немесе 4 рет сабақ өткізіп, содан кейін өзінің кейбір жағдайларына сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы талап еткендей, оқыту курстарын соңына дейін көрсетпеген.

Бірқатар тұтынушылар коуч-тренермен курс үшін толық есеп айырысқан, ал кейбіреулері несиеге ақша алуға немесе қарыз алуға мәжбүр болған және тұтынушылардың бірнеше рет ауызша өтініштеріне қарамастан, коуч-тренер курсты белгіленген мерзімде одан әрі оқыту бойынша шаралар қабылдамаған.

Кәсіпкер әртүрлі ұйымдардың әртүрлі мөрлермен курстан өткені туралы күмәнді сертификаттар берген. Нәтижесінде тұтынушылар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес тендерді оқыту бойынша толыққанды курс алмай шыққан.

Департамент басшысы Айдос Дауешев «Департамент тұтынушыларға осы кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі наразылық хат жасауға құқықтық көмек көрсетті және 10 күнтізбелік күн ішінде ол жауап беруі керек, алайда тұтынушылардың талаптарына жауап бермей, кәсіпкерлік субъектісі заңбұзушылық жасап, департамент тарапынан осы ЖК-ға қатысты жоспардан тыс тексеру ашылды. Департамент «Ескерту» түріндегі жазаны қолдана отырып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 190 — бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда хаттама толтырып, қаулы шығарды» -деп атап өтті.

Осы істі зерделеу барысында сапасыз қызмет алған тұтынушылар саны 8-ден 18 тұтынушыға дейін ұлғайып, залал сомасы 6 593 000 теңгені құрады. Сонымен қатар, сапасыз қызметтің ауқымы Жетісу облысынан басқа өңірге дейін кеңейіп, Алматы, Қостанай облыстары мен Астана қаласының тұтынушылары да  өтініш жазды.

 Департамент тарапынан Талдықорған қаласының сотына бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының заңды мүдделеріне қатысты талап арыз жіберілді. Сот процестері кезінде кәсіпкер тарапынан үш тұтынушыға 850 000 теңге сомасында толық көлемде ақшалай қаражат қайтарылды, сондай-ақ қалған екі тұтынушыға 450 000 теңге мөлшерінде ақша сомасын ішінара қайтарып берді.  Талдықорған қалалық сотының шешімімен департаменттің талап-арызы толық қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, аталған кәсіпкерге азаматтарды қабылдау кезінде Талдықорған мектептерінің бірінен 15-тен астам қызметкер шағымданды.  Онда аталған кәсіпкер мектепті жөндеуге тендер жеңіп алып және орындалған жұмыстар үшін ақшалай қаражат төлемеген. Істің резонансына және әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануына байланысты коуч-кәсіпкер сол күні қызметкерлерге 550 000 теңге көлемінде толығымен қаржысын төледі.

Айта кету керек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова ағымдағы жылы 19 ақпанда өткен Мәжілістің жалпы отырысында қазақстандықтар коуч-иллюзионистер деп аталатындардың қызметіне шағымдана бастағанын және өзінің депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың атына жолдағанын айтып, коуч пен бизнес-жаттықтырушылардың қызметін реттеуді қатаңдатуға шақырды.

 

                                           Жетісу облысы бойынша  сауда және тұтынушылары

                                                                        құқықтарын қорғау департаменті

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз