Ветеринария мамандығында оқитын білімгерге арналған тәжірибелік экскурсия ұйымдастырылды

86

Жұмысшы мамандықтары жылына  орай  Талдықорған қаласының әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес,Талдықорған агротехникалық колледжінің ветеринария мамандығында оқып жатқан  студенттер шаруашылықтарға барып, олардың  тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.  Ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, бұл шара  тәжірибе алмасу және ынталандыру мақсатын көздеді.

Шара барысында студенттерге  Өтенай ауылында орналасқан  ветеринарлық станция мен ондағы мамандардың жұмысы туралы толық білуге мүмкіндік туды. Жалпы мекеме жұмысымен  мал дәрігері Талғат Оспанов таныстырды.

Сонымен қатар, білімгерлер «Матаев» шаруа қожалығына барып, зертхана, сою бекеті және мал бордақылау алаңдарын аралады. Оқу процесін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған бұл шараға 30-дан астам студент қатысып, өздерін қызықтырған  сауалдарға жауап алды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз