Өтенай ауылында дәрігерлік амбулатория салынады

78

Өтенай  ауылы тұрғындары іргетасы 1986 жылы қаланған ескі ғимаратта ем қабылдауға мәжбүр болып, сапалы медициналық көмек алу, дәрігерге қаралу, жатып ем қабылдау жағыда алаңдадып келген болатын.

Естеріңізге салсақ, қала әкімі Ернат Бәзіл Өтенай ауылының тұрғындарымен жүздесуі кезінде ауылға жаңа емхананың керек екендігін айтып, назарға алуды сұраған болатын. Өз кезегінде қала әкімі мәселені жіті бақылауына алып, оңтайлы шешіп беретіндігін уәде еткен еді.

Енді дертіне дауа іздеген ауыл халқы, қалаға сабылмай сапалы медициналық қызмет алу жағы оңтайлана түсіп, аурухана жыл соңына дейін қолданысқа берілмек.Емхана күнделікті 100-ге жуық науқасты қабылдап, заманауи қондырғылармен де жабдықталмақ.

Бүгінде округте 17 мыңнан аса халық тұрса соның тең жартысы қалалық ауруханаларда тіркелген. Жылдан-жылға халық саны артуына байланысты аймаққа бұндай дәрігерлік амбулаторияның қажеттілігі туындап отыр.

Айта кетейік, жаңа емхана Өтенай ауылынан бөлек, «Ынтымақ», «Жастар-1», «Жастар -1/1» және «Жастар — 2» тұрғын үй алабының халқына да қызмет етпек.

                                                             Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз