1.3 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 30 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 326

Парижде жазғы Олимпиада ойындарының алауы бүгін тұтанады

Бүгін, 26 шілдеде Франция астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Байрақты бәсекеге 200-ден аса елден 10 мыңнан аса спортшы қатысады.  Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шығады.  Бұл байрақты бәсекеде  79 қазақстандық спортшы сынға түседі. Олар спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады. Қазақстан осымен сегізінші рет жазғы Олимпиадаға қатысып...

Ауыл шаруашылығының пилоттық санағына Ақсу, Сарқан ауданының елді мекендері қатысады

2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық ауыл шаруашылығы санағын 54 елдімекенде – ауылдық және қалалық жерлерде жүргізетін болады. Жетісу облысы бойынша ауыл шаруашылығының пилоттық санағына Ақсу ауданының Сағабүйен және Есеболатов ауылдары мен Сарқан ауданының Сарқан қаласы қатысады. Ауыл шаруашылығы санағына шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтарын...

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жарияланғанын хабарлайды. Конкурс волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдауға, сондай-ақ әлеуметке және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған. Сыйлық адамдарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, білім беру мен мәдениетті дамыту, төтенше жағдайлардың дер кезінде шешімін табу және қоғамдық өмірдің басқа...

Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері

Ұлттық жоспардың 100 нақты қадамы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағытында «Кірісті және шығысты жалпы жариялауды енгізу» 42 қадам көзделген. Ол өз кезегінде Салық кодексінің 71 тарауында заңдық көрінісін тапқан. Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді...

ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы Заңға өзгерістер

2024 жылғы 19 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Көрсетілген Заң «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) түзетулер енгізуді...

Жетісу облысында контрабанда фактісі бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді

Жетісу облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Экономикалық контрабанда, лудомания және  есірткіге қарсы күрес» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Мирас Құрбанов пен осы аталмыш департаменттің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаев атқаралып жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шараларға  тоқталды. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Балалар мен жастардың денсаулығына, демек, ұлтымыздың...

Жетісу облысында соңғы екі жылда 47 ветеринарлық пункт салынды

Жетісу облысында соңғы екі жылда жергілікті бюджет қаражатына 47 блокты-модульді ветеринарлық пункт салынды. Материалдық базаны нығайту жағынан бұл республика көлеміндегі үздік көрсеткіштердің бірі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, 2023 жылы блокты-модульді конструкциядан 24 ветпункт тұрғызылса, биыл 23 ветпункт салынып, пайдалануға беріледі. Мұндай құрылыс қысқа мерзім ішінде - шамамен 3-4 айда тұрғызылады. Жобалық-сметалық құжатты қажет етпейді. Құрылыстың құны едәуір...

Жетісу облысы : қоймаларға тәулігіне 10 вагон көмір жеткізілуде

Жетісу облысының халқын көмірмен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде өңірге тәулігіне орташа есеппен 10 вагон 690 тонна қатты отын жеткізіліп, түсірілуде. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz. хабарлайды. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес бүгінгі таңда облыс көлемінде 35 көмір тұйығы мен қоймалары бар. 24 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, оларда 26 мың тонна көмір...

Білімгер колледжге түсу үшін құжаттарын eGov.kz порталы арқылы тапсыра алады

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау жалғасуда. Енді абитуриенттер колледжге түсу үшін құжаттарын eGov.kz порталы арқылы тапсыра алады. Құжат тапсыру кезінде порталды қолданушы оқу тілін және өңірді таңдай алады. Порталда автоматты түрде абитуриенттің білімі, бағалары және оның сертификатының жалпы бағасы туралы ақпарат шығарылады. Азаматтардың жеңілдігі бар жекелеген санаттары үшін (І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар,...

Талдықорғанда салынатын онкологиялық орталықтың жобасы жасалды

Талдықорған қаласында салынатын онкологиялық диспансердің жобасы дайын. Құны 10 млрд. теңге шамасындағы үлкен әлеуметтік жобаны «Kazakhmys Holding» компаниясы іске асырады - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап өтсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде Талдықорған қаласындағы онкологиялық диспансердің материалдық-техникалық базасын нығайту туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес осы жылдың маусым айында облыс әкімдігі, Денсаулық сақтау министрлігі,...