1наурыз — Алғыс айту күні

291

Құрметті  Талдықорған қаласының тұрғындары!

Баршаңызды көктемнің алғашқы күнінде шуаққа толы жарқын мерекелердің бірі — Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

 Алғыс айту күні  — барлығымызды бір шаңырақтың астына біріктіріп, жүрекке жылу сыйлап, бір-бірімізге ризашылығымызды танытып, көмек көрсететін барша жанға шынайы алғысымызды білдіретін мейрам.

Бүгінгі күнде өзара ынтымақтастық пен бірлік ерекше маңызға ие. Барша тұрғындарға туған өлкеміздің дамуы жолында жасампаз еңбектеріңіз бен үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін!

Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін!

                                                                                                 Ернат Бәзіл,                                                                                                      Талдықорған қаласының әкімі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз