Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі

625

Татулық пен бірлікті ту еткен, ынтымағы жарасқан еліміздің мейірімділік пен қайырымдылықты айшықтайтын күні, бейбіт заманда өмір сүріп отырған барша азаматтың бір-біріне құрмет көрсетер күні Алғыс айту күніне орай Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» атты челленджін бастады.

Мұндағы басты мақсатжақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастау, құндылықтардың қадірін жете түсіну. Аталмыш челленджді барша ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестік мүшелері, Ассамблея жастары жалғастыруда. Мадина Омарова, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары: «Қазақ халқы игі іске, көмек қолын соза білген жанға алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. «Жақсылық еккен алғыс орады» деген тегін айтылмаса керек. Бұл ретте Алғыс айту күні  күнтізбемізден ерекше орын алатын мереке. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын көрінісі деп білеміз. Жалпы мерекенің бізге берері көп. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын арттыру, еліміздегі этносаралық келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған маңызды шараларды біріктіре отыра  қазақстандық қоғамдастықтың тұрақтылығы мен даму жолында жеткен жетістіктерін кеңінен насихаттаймыз»-деп атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз