Қала әкімдігінің мәжіліс залында Талдықорған қаласында халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту мәселелері бойынша қалалық штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Шакенов, полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Д.Қалибаев, Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім бастығы Е.Қабдолданов, №1 және №2 қалалық емханалардың, «Хак» және «Нұр-Авиценум» медициналық ұйымдарының өкілдері сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстар мен кездескен проблемаларға қатысты шешімдер ұсынды.
Сақтандырылмаған қала тұрғындарының санын азайту мақсатында медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ мобильдік топтардың түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырмалары берілді.
Қазіргі таңда Талдықорған қаласында 32 мыңнан аса тұрғын міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалуда. Бұл көрсеткіш сақтандырылмаған тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кеңейтілген пакетімен қамтылмайтынын көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, профилактикалық медициналық тексерулер, скринингтер, дәрігерлердің қабылдауы мен кеңес беру, диагностикалық қызметтер (УДЗ, рентген, КТ, МРТ), сондай-ақ кейбір жоспарлы ауруханаға жатқызу қызметтеріне қолжетімділіктің болмауына алып келеді.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.