Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатымен «Адал еңбек – асыл мұра» атты көш керуені «Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ бастамасымен аудан, қала кітапханаларынан бастау алған болатын. Осы шараға орай Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасында көш керуен жалғасын тапты.
Шараға өңіріміздің өркендеуіне, ынтымақ пен берекесі жолында терін төгіп, аянбай еңбек еткен ардагерлеріміз, шебер- тәлімгерлер, жұмысшы мамандығы иелері, ел мақтаныштары қонақ ретінде шақырылды.
Олардың арасында «Талдықорған қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің директоры Сейітжанова Күлпан Калкенқызы, көп жылдар Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі болып қызмет жасаған, бүгінгі күні зейнеткер Тимур Биғожанов, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтайұлы және де ардагерлер Мұратбек Қожабеков, Жамал Даркенбаева, А.Ибраимов, С. Балқыбеков, Б. Қасенов шараға қатысты. Аталмыш шара барысында «Адал еңбек – асыл мұра» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханашылар Құралай Баримбекова мен Толқын Құрманғалиева библиографиялық шолу өткізді. Ал жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.
Құралай Баримбекова, кітапханашы





























