Талдықорғандағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды
Талдықорған қаласындағы Достық үйінде республикалық форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, облыстық ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттық топ мүшелері мен жастар қатысты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік кездесу барысында өңір басшысы алдымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған құттықтауын...
Жетісу облысының әкімі Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қырғыз Республикасының АлматыдағыБас консулы Женишбек Асанкуловпен кездесті. Тараптар кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайдыЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ресми делегацияны жылы қабылдаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өзсөзінде екі елдің арасындағы туыстық қарым-қатынасты тілге тиек ете келе,Жетісу облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталды.- Алатаудың арғы беті мен бергі бетін жайлаған туысқан қазақ-қырғызхалқының салт-дәстүрі де,...
Өзара құрмет пен алғыс – береке бастауы
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
1 Наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайта отырып, халқымыздың мейірімділік пен жанашырлық, бір-біріне жәрдем етіп, қамқор болу сияқты ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртып, санамызға берік орнықтыра түседі.
Жер жаннаты Жетісу тарих толқынында тағдыр тоғыстырған жетпістен астам ұлт пен ұлысқа құтты мекен болып отыр. Бүгінде...
«Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.
Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл...
Әскери міндетіңізді атқарып – тегін білім Алыңыз!
Жыл сайын 35 мыңнан астам қазақстандық, мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қорғаныс министрлігі еліміз бойынша 70-тен астам жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламасының арқасында әскери қызметшілер жоғары білімді тегін алуға мүмкіндік алатынын атап өтті.
2025 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №782 Жарлығы және Талдықорған қаласы әкімінің...
1наурыз — Алғыс айту күні
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
Баршаңызды көктемнің алғашқы күнінде шуаққа толы жарқын мерекелердің бірі - Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Алғыс айту күні - барлығымызды бір шаңырақтың астына біріктіріп, жүрекке жылу сыйлап, бір-бірімізге ризашылығымызды танытып, көмек көрсететін барша жанға шынайы алғысымызды білдіретін мейрам.
Бүгінгі күнде өзара ынтымақтастық пен бірлік ерекше маңызға ие. Барша тұрғындарға туған өлкеміздің дамуы жолында жасампаз еңбектеріңіз бен үлестеріңіз үшін ризашылығымды...
Адал еңбек – асыл мұра
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатымен «Адал еңбек – асыл мұра» атты көш керуені "Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ бастамасымен аудан, қала кітапханаларынан бастау алған болатын. Осы шараға орай Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасында көш керуен жалғасын тапты.
Шараға өңіріміздің өркендеуіне, ынтымақ пен берекесі жолында терін төгіп, аянбай еңбек...
Қарымды қаламгер
Жетісу облысының мемлекеттік архивінің жеке тектік қор иесі, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Көксу ауданының «Құрметті азаматы», қарымды қаламгер, Нұрила Дәнтайқызы Бектемірова таяуда 75 жасқа толды.
Нұрила Бектемірова 1950 жылдың 6 ақпанында Алматы облысы Көксу ауданының Быжы станциясында дүниеге келген. 1967 жылы Үштөбе қаласындағы қазақ теміржол орта мектебін бітірген. Еңбек жолын сол кездегі...
Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі
Татулық пен бірлікті ту еткен, ынтымағы жарасқан еліміздің мейірімділік пен қайырымдылықты айшықтайтын күні, бейбіт заманда өмір сүріп отырған барша азаматтың бір-біріне құрмет көрсетер күні Алғыс айту күніне орай Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» атты челленджін бастады.
Мұндағы басты мақсат - жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастау, құндылықтардың қадірін жете...
ҮЕҰ: мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы дәнекер
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл күн — қоғамымыздың дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, адам құқықтарын қорғауға және көптеген игі бастамаларды жүзеге асыруға атсалысып жүрген жандарға алғыс айту мүмкіндігі.
Жиынға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, ҮЕҰ өкілдері қатысты. ҮЕҰ — азаматтық қоғамның жүрегі, өзгерістердің қозғаушы күші. Олардың белсенділіктері мен адал еңбектерінің арқасында көптеген жобалар мен бастамалар жүзеге асуда....




























