Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қырғыз Республикасының Алматыдағы
Бас консулы Женишбек Асанкуловпен кездесті. Тараптар кездесу барысында екі
жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, — деп хабарлайды
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бас консулы Женишбек Асанкуловпен кездесті. Тараптар кездесу барысында екі
жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, — деп хабарлайды
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ресми делегацияны жылы қабылдаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз
сөзінде екі елдің арасындағы туыстық қарым-қатынасты тілге тиек ете келе,
Жетісу облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталды.
— Алатаудың арғы беті мен бергі бетін жайлаған туысқан қазақ-қырғыз
халқының салт-дәстүрі де, көзқарастары да ортақ. Көрші елдермен достық
қарым-қатынасты нығайтуға біз де мүдделіміз. Жетісу облысында қазіргі кезде
ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісі, жасыл энергитика, туризм, көлік-
логистика салаларына басымдық беріледі, — деген өңір басшысы Алакөл мен
Балқаш көлдерін дамытуға, шекаралық аймақтарды өркендетуге көп көңіл
бөлініп отырғанын атап өтті. Өндіріс саласының әлеуетіне де тоқталып, қырғыз
кәсіпкерлерінің бизнес жобалары болса, бірлесіп қарастыруға дайын екенін
жеткізді.
Өз кезегінде Қырғыз елінің ресми өкілі Женишбек Асанкулов келген
сапарының мақсатына тоқталып, екі ел президенттерінің уағдаластығына
байланысты өзара ынтымақтастықты дамытуда бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, бизнес форумдарды
бірлесіп өткізу, туристік бағыттарды дамыту, сол сияқты мәдениет және білім
беру салаларында өзара тәжірибе алмасуы жайлы сөз етті. Соның ішінде Жетісу
облысы мен Қырғыз Республикасының Нарын облысының арасында нақты
жобаларды қолға алу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Кездесу қорытындысында облыс басшысы Бейбіт Исабаев Бас консул
тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерді қолдайтынын және оларды бірлесіп
атқаруға, нақты жобаларды қарастыруға дайын екенін жеткізді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев