Жетісу облысында 3 мыңнан астам отбасына қайырымдылық жасалды
«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында «Жанашыр жүрек» республикалық қайырымдылық акциясы Жетісу өңірінде де кеңінен атқарылуда. Қазіргі кезде акция аясында облыстың аудан-қалаларында жалпы саны 3 мыңнанастам отбасы қайырымдылық шараларымен қамтылып, оларға 33 млн. теңгенің көмегі көрсетілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мәселен, Көксу ауданында демеушілер 20 баланың балабақшаға төленетін бір жылдық төлемін жасап берді.
Ал Қаратал ауданында азық-түлік көмегі ерекше қажеттіліктері бар...
Жауапкершілік ортақ
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қалалық қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездеті.Қала әкімі -Сіздермен қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көптеген өзекті мәселелерді шешуімізге тура келеді. Сондықтан да Президентіміз жүргізіп отырған реформаларды іске асыруда әділдік пен ашықтыққа сүйене отырып, халық сенімінен шығасыздар деген ойдамын.Бізден нақты,үйлесімді және жедел жұмыс талап етіледі. Еңбектеріңіз сәтті әрі табысты болсын-деген сенімін жеткізді. «Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның мүдделерін...
Жетісу облысында Көрісу күні – «Амал» мерекесіне мыңнан астам адам қатысты
Жетісу облысында Наурызнама онкүндігі бүгін Көрісу күні – «Амал» мерекесімен басталып, оған 1 мыңнан астам адам қатысты. Бұл ретте Талдықорғандағы Б.Римова театрының алаңында өткен іс-шараға 200-ге жуық адам қатысып, мерекеге жиналған қауымды облыс әкімінің атынан орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өнер ордасы алдындағы алаң ұлттық нақышта безендіріліп, Талдықорған театрының әртістері театрландырылған көрініс ұсынды. Көрініс...
Цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану ісінде еліміз зор жетістікке жете алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өткен болатын. Бұл орайда елімізде бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Электронды үкіметтің даму деңгейі жөніндегі рейтингінде 190 мемлекеттің ішінен алғашқы 25 елдің қатарына ендік. Бүгінгі Ұлттық Құрылтайда Президент мұнымен...
Инфаркт пен инсульттің алдын алудағы тамақтану мен өмір салтының рөлі
Қазақстанда соңғы жылдары қан айналымы жүйесінің аурулары сырқаттанушылықпен өлім-жітімнің жетекші себептердің бірі болуда. С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамытуорталығының мәліметтері бойынша 2024жылы қан айналымы жүйесінің ауруларымен сырқаттанушылықтың көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2702,9 құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға төмен.
Сонымен қатар,жүрек-қан тамырлары аурулары тіпті 30 жасқа дейінгі жастарда жиі кездесетіні туралы жаңашындықты қабылдау қажет.Сонымен қатар, аурулардың себебі егде...
Наурыздың басталуына орай Жетісу облысында 3 мыңнан астам көшет отырғызылды
Бүгін Наурыз мерекесінің бастауы болған Көрісу күнінде «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында Жетісу облысында мыңдаған көшет отырғызылды. Мәселен, Талдықорғанда Қаратал өзенінің жағалауына 141 қарағай көшеті отырғызылса, Панфилов ауданында 3 мыңнан астам ағаш егілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Талдықорғандағы көгалдандыру шарасына мемлекеттік қызметшілер, орман шаруашылығының өкілдері, жалпы белсенді тұрғындар – жалпы саны 100 адам қатысып, олар...
Наурыз мерекесі қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облысымыздың барлық тұрғындары мен қонақтарын көктемнің жарқын мерекесі Наурызбен құттықтайды!
Мереке күндері аудан орталықтары мен қалалардың алаңдарында халқымыздың дәстүрлерін көрсету үшін киіз үйлер, шатырлар орнатылады. Кәсіпкерлер жаппай мерекелеу орындарында көшпелі сауда жасауды жоспарлап отыр. Тұрғындар мен қонақтарды концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, сондай-ақ ұлттық тағамдар: наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ, палау және басқа да тағамдар күтеді.
Мерекелік...
Жетісу облысы: ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы
Жетісу облысы бойынша 2024-2025жж. эпидмаусымда 100 мыңнан астам ЖРВИ тіркелді, былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық 23,2%-ға төмендеді. 14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанушылықтың 70%-ға жуық. Зертханалық дәлелденген тұмау жұқпасының 205 жағдайы тіркелді, былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге жоғарылаған.
«Жыл сайын вирустың қай түрі таралғанын бақылап отырамыз. Тұмау жұқпасының А (H1N1 09-pdm) – 76, А (H3N2) – 2, В тұмауы - 127 жағдайы...
Тоқаев уақыт белдеуі туралы: Пікірталасты доғару қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне пікір білдірді.
- Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ, - деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы қазіргі жүйе мемлекетті басқару ісін жеңілдететінін атап өтті.
- Үкіметтің және...
Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады – Мемлекет басшысы
Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
- Жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр. Пилоттық жоба ретінде аудандар...





























