ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департамент бастығы полковник М. Нарбаевтың төрағалығымен Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы базасында спортшы шекарашы, майор А.Трусовты еске алуға арналған волейболдан жарыс өтті.
Аталған іс-шара әріптестің жарқын бейнесін ұлықтау, оның қызмет жолын құрметтеу және әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыс барысында қатысушылар тартысты ойын көрсетіп, жоғары дайындық деңгейі мен командалық үйлесімділікті паш етті.
Іс-шара ұжымдық бірлікті нығайтып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























