Жетісу облысы: ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы

15

Жетісу облысы бойынша 2024-2025жж. эпидмаусымда 100 мыңнан астам ЖРВИ тіркелді, былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық 23,2%-ға төмендеді. 14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанушылықтың 70%-ға жуық. Зертханалық дәлелденген тұмау жұқпасының 205 жағдайы тіркелді, былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге жоғарылаған.

«Жыл сайын вирустың қай түрі таралғанын бақылап отырамыз. Тұмау жұқпасының А (H1N1 09-pdm) – 76, А (H3N2) – 2,  В тұмауы — 127 жағдайы анықталды. Тұмауға жатпайтын жұқпаларға зерттелген 146 үлгінің 44 оң нәтиже берді, риновирус — 18, короновирус-10, парагрипп -5, РС вирус – 4, бокавирус — 3, метапневмовирус — 3, аденовирус — 1 табылды.  Аталған вирустар — жыл сайын тіркелетін ЖРВИ», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

ЖРВИ барлығы сөйлесу, жөтелу және түшкіру кезінде, сілекейдің ең кішкентай тамшыларымен вирус сыртқы ортаға 1 метрге дейін тарап, тыныс алу жолы арқылы маңындағы адамдарға жұғады.

Вирустар ластанған қол, тұрмыстық заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, есік тұтқалары арқылы да беріледі.

Белгілер: Дене қызуының жоғарлауы; жөтел; бас ауру; әлсіздік; бұлшық еттер мен буындардың ауруы; тамақ пен мұрынның қабынуы.

«Ауру пайда болғанда: медициналық көмекке жүгіну, қарым-қатынасты шектеу керек. Дәрігер шақырту кезіндегі қызмет көрсету реттілігі мәселен, балаларға (әсіресе 1 жасқа дейінгі), жүкті әйелдерге және 65 жастан асқан тұрғындарға медициналық көмек бірінші кезекте көрсетіледі»,— дейді спикер.

            Арнайы және арнайы емес алдын алу шаралары бар:

  • Арнайы алдын алу – бұл вакцинация. Тұмаудың 3 түріне қарсы қоланылады (А H1N1, А H3N2, В). 2024ж. 82 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе алды, облыс халқының 12% иммундаумен қамтылды.
  • Арнайы емес алдын алу шаралары ЖРВИ, тұмау, ауа тамшылы жолмен берілетін барлық инфекцияларға ортақ:
  • халық тығыз орналасқан жерлерге бармау;
  • бетперде қолдану;
  • үй-жайларды жиі желдету, ылғалды тазалау;
  • түшкіріп, жөтелген кезде ауызды/мұрынды бет орамалмен жабу;
  • жеке бас гигиенасын сақтау — (тұмау вирустар адамның қолында 15 минутқа дейін сақталады), сондықтан жиі қолды сабынмен жуу қажет;
  • тиімді тамақтану, сұйық тағам молынан пайдалану, дәрумендер қолдану;
  • физикалық белсенділік.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз