Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облысымыздың барлық тұрғындары мен қонақтарын көктемнің жарқын мерекесі Наурызбен құттықтайды!
Мереке күндері аудан орталықтары мен қалалардың алаңдарында халқымыздың дәстүрлерін көрсету үшін киіз үйлер, шатырлар орнатылады. Кәсіпкерлер жаппай мерекелеу орындарында көшпелі сауда жасауды жоспарлап отыр. Тұрғындар мен қонақтарды концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, сондай-ақ ұлттық тағамдар: наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ, палау және басқа да тағамдар күтеді.
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мұқият болуды талап етеді. Осыған байланысты, топтық тамақтан улануды болдырмау үшін наурыз көжені және мерекені жаппай тойлау орындарында ұсынылатын басқа да тағамдарды дайындау кезінде ерекше сақ болу қажет.
Осыған байланысты халыққа кеңес береміз:
- рұқсат етілмеген сауда орындарында үйде дайындалған азық-түлік өнімдерін сатып алмаңыз;
- сатып алу кезінде және тұтынар алдында өнімнің жасалған күнін, сақтау шарттарын және сату мерзімін тексеріңіз;
- өндірушінің зауыттық қаптамасына оралған порцияланған балмұздақты сатып алғаныңыз жөн;
- бүліну белгілері бар, қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбалау белгілері (жапсырмалары) жоқ тамақ өнімдерін сатып алмаңыз;
- көшедегі демалыс орындарында болған кезде, гигиенаның қарапайым ережелері ескерілмеген сауда орындарында азық-түлік сатып алудан аулақ болыңыз;
- пикникке, жолға тез бұзылатын өнімдерді алмаңыз;
- ішу үшін қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
- жеке гигиена туралы ұмытпаңыз, көшеде тамақ ішер алдында қолыңызды гигиеналық салфеткалармен өңдеңіз.
Есіңізде болсын, тамақтан уланудың ең тиімді алдын алу жолы, бұл хабардар болу мен қырағылық.
Мереке кезінде дайын тағамдарды дайындай отырып, уақытша қондырғыларды (киіз үйлер, шатырлар және т.б.) ұйымдастыратын кәсіпкерлер қамтамасыз ету қажет:
- термоконтейнерлерді, тоңазыту жабдықтарын (рефрежираторларды) пайдалана отырып, тамақ өнімдерін арнайы көлікпен жеткізу;
- дайын өнім дайындау сәтінен бастап 3 сағат ішінде сатылуы тиіс;
- сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар өнімдерді сатып алу;
- бір реттік ыдыс-аяқ пен ас құралдарын пайдалану;
- өзіңізбен бірге медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың, арнайы киімнің болуы;
- меншікті және іргелес аумақтың тиісті санитарлық жай-күйі;
- сатушылардың жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтауы;
- үйде дайындалған (өнеркәсіптік емес) өнімдер, салаттар, консерві өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, маринадталған қияр, қызанақ және т.б.), сондай-ақ герметикалығы бұзылған, бомбажы бар, тот басқан, деформациясы бар банкалардағы консервілерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады;
- тағамдарды дайындаған кезде шикі және дайын өнімдерді бөліп алыңыз, тасымалдау кезінде бөлек қаптаманы және жеке кесу тақталары мен пышақтарды қолданыңыз, тамақ дайындау технологиясын сақтаңыз, жарамдылық мерзімін ескере отырып, тамақ өнімдерін қолданыңыз.
Стационарлық сауда объектілерінде және қоғамдық орындарда санитариялық талаптарға сәйкес барлық көзделген ережелерді сақтау қажет.
Жоғарыда аталған талаптарды сақтай отырып, Сіз тамақтан уланудың алдын аласыз!
Меруерт Қанағатова,
Жетісу облысы СЭБД тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы