Шекарашылар «Кітап – бөлек бір әлем» атты танымдық кеш үйымдастырды

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Көктем-2026» шақырылым сарбаздарының қатысуымен Ұлттық кітап күні аясында «Кітап – бөлек бір әлем» тақырыбында сұрақ-жауап кеші өтті.

Аталған іс-шара сарбаздардың рухани-танымдық деңгейін арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Кеш барысында қатысушылар әдеби шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара сарбаздардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, пайдалы әрі мазмұнды форматта өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз