Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қалалық қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездеті.Қала әкімі -Сіздермен қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көптеген өзекті мәселелерді шешуімізге тура келеді. Сондықтан да Президентіміз жүргізіп отырған реформаларды іске асыруда әділдік пен ашықтыққа сүйене отырып, халық сенімінен шығасыздар деген ойдамын.Бізден нақты,үйлесімді және жедел жұмыс талап етіледі. Еңбектеріңіз сәтті әрі табысты болсын-деген сенімін жеткізді. «Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның мүдделерін білдіріп қана қоймай, жергілікті деңгейде маңызды мәселелерді талқылау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеріп, биліктің нәтижелі жұмыс атқаруына мұрындық болуы тиіс»-деген Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Ахажан кеңес мүшелерін құттықтап,ізгі тілегін білдірді. Өз кезегінде сөз алған Қоғамдық кеңестің жаңа сайланған төрағасы Рахмет Есдәулетов пен басқа да мүшелері ойларын ортаға салып, халықтың сеніміне сай жұмыс атқаратындықтарын айтты. Еске сала кетсек, Қоғамдық кеңес жаңа құрамда жұмысын 18 мүшесімен бастады. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері, саяси партия,БАҚ өкілдері бар.