АСФАЛЬТ ЗАУЫТТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

4

Жетісу облысында биыл республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың 300 шақырымы жөнделеді. Құрылысқа қоланылатын материалдардың талапқа сай болуы үшін өңірдегі асфальт зауыттары тексерілді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының қызметкерлері өндірістік нысанға берілетін сапа сертификаттарын тізімдеді. Сонымен қатар битум терометрлерін, автокөліктік таразылардың дұрыс жұмыс істеуін шолып шықты. Өзге де рұқсат қағаздарының уақытылы рәсімделуін қадағалады. Маусым алдындағы тексеріс нәтижесінде өңірдегі 15 асфальт зауытының төртеуінде тиісті құжаттары болмай шыққан. Оларға қатысты жергілікті атқарушы органдарға хат жазып, солардың құзіреттілігіне байланысты олар тиісті шаралар қолданылады,-деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Жетісу облыстық филиалының инженері Алмас Оразбеков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз