Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өткен болатын. Бұл орайда елімізде бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Электронды үкіметтің даму деңгейі жөніндегі рейтингінде 190 мемлекеттің ішінен алғашқы 25 елдің қатарына ендік. Бүгінгі Ұлттық Құрылтайда Президент мұнымен шектеліп қалуға болмайтындығын баса айтты. «Жоғары технологиялар экономиканың және мемлекетті басқару ісінің барлық саласын дамытуға тың серпін беріп, алға бастайды. Үкімет озық цифрлық тәсілдерді және жасанды интеллектіні жаппай енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыруға арналған жұмысты еселеп күшейтуге тиіс»-деп тапсырма жүктеді.
Шалқар Оразбаев, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты