Өрт- аса қатерлі жау. Қазіргі таңда айтып келмейтін апаттардан сақ болу күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болып тұр. Күн жылынып, ысыған кезде сақтық шараларына назар аудару қажет. Аптап ыстық пен қуаңшылық кезеңінде ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызы өте зор.
Өрттердің көбі орман қорына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы ұйымдарына тиесілі шабындықтарда өсімдік қалдықтарын жағу салдарынан болады. Сондай-ақ, табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да орын толмас оқиғаларға ұрындырады.
Өрттің де, судың да артында адамның тағдыры тұр. Әсіресе, жаз мезгілінде дала ыстықтан күннен-күнге күйіп тұрады. Қуаңшылық орын алған жерде өрттің өршитіні бесенеден белгілі. Шөптердің жануына далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойында автокөліктерден лақытырып кеткен өшірілмеген темекі тұқылдары, найзағай, шөп ору жұмыстарына қатыстырылатын тракторлар мен агрегаттардың жармады шоқ өшіргішпен жабдықталмауы себеп болуы ықтимал.
Қас-қағым сәтте қалың орманның өзін күлге айналдырып жіберетін өртпен, жазым болса тұңғиығына тартып кететін судың да адам үшін қаупі басым. «Қазақстан Республикасының ормандардағы өрт қауіпсіздігі» ережесіне сәйкес, жас ағаштар, кесілген ағаш қалдықтар мен дайындалған кеспе ағаштар, шөбі қурап қалған жерлер маңайында от жағуға тыйым салынады. Орманды өрттен қорғау- әр адамның міндеті.
Камал Жұмағұлов,
«Алтын – Емел» МҰТП жоғарғы Көксу қауымалының
мемлекеттік инспекторы.