Шекарашылар концерттік бағдарлама ұсынды

315

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ансамблі Алакөл ауданы, Жаркент қаласында арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.
Мәдени шара қаланың тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында ансамбль өнерпаздары патриоттық әндер мен халық шығармашылығынан үзінділерді орындап, шекара сақшыларының рухын, елге деген сүйіспеншілігін және әскери борышқа адалдығын көрермендерге жеткізе білді.
Жаркент қаласының тұрғындары концертке зор сүйіспеншілікпен қатысып, әр өнер көрсетілімін ыстық ықыласпен қарсы алды. Шара соңында жергілікті тұрғындар мен қала әкімшілігі ансамбль мүшелеріне алғыс айтып, олардың өнерлеріне жоғары баға берді.
Мұндай мәдени іс-шаралар Шекара қызметінің елмен тығыз байланысын нығайтып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.

                                     ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз