Қазақ тілі курсы тыңдаушыларынан емтихан қабылданды

75

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің қазақ тілін оқу тобының тыңдаушыларынан ағымдағы жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша емтихан қабылданды.
Емтихан Панфилов аудандық тіл оқыту орталығының ұйымдастыруымен өтті. Тыңдаушылар емтихан барысында тоқсан көлемінде меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсетіп, мемлекеттік тілді игеру деңгейлерін дәлелдеді.
Емтиханның негізгі мақсаты – қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру сапасын бағалау, тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін анықтау және оқу үдерісінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік тілді сапалы меңгеру – кәсіби қызметте, ресми қатынаста және күнделікті қарым-қатынаста маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

                                      ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз