«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» акциясы

39

Ағымдағы жылдың 25 қараша күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында Б. Құранбек атындағы журналистер үйінде «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігу» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, әлеуметтік қызмет мамандары, отбасы институтын қолдау бағытында жұмыс істейтін ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында қатысушыларға сталкинг құбылысы, оның қоғамға қауіптілігі мен белгілері, сондай-ақ мұндай әрекеттерден қорғану және алдын алу тәсілдері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар облыс аумағында зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрмыстық жанжалдардың жолын кесу, жәбірленушілерді қорғау және олардың құқығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы кеңінен ақпарат берілді.

Спикерлер цифрлық кеңістікте жасалатын қысым көрсету, қудалау, жеке деректерді тарату сияқты жаңа форматтағы қауіптердің өзектілігін атап өтіп, қоғамды әйелдер мен қыздардың қауіпсіздігін күшейту жолында бірігуге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз