Жас шекарашыларға арналған Ашық есік күні

338

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша Шекара басқармасы “Басқұншы” шекара бөлімшесі Панфилов ауданы, Жаскент ауылындағы Головацкий атындағы орта мектептің 3–6 сынып оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа шекарашы мамандығын таныстыру, Отанды қорғау жолындағы әскери қызметтің маңызын ұғындыру, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру. Ашық есік күні барысында оқушылар шекарашылардың қызметімен танысып, қару-жарақ және арнайы техника түрлерін көріп, әскери дайындық элементтерін тамашалады.
Шекарашылар балалардың сұрақтарына жауап беріп, оларды қызықтырған жайттармен бөлісті. Кішкентай қонақтар іс-шарадан ерекше әсер алып, көпшілігі болашақта шекарашы болғысы келетінін жасырмады.
Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз