ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Көксу» шекара бөлімшесінде көгалдандыру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Бөлімшенің жеке құрамы табиғатты қорғау мен аумақты абаттандыру мақсатында шекара бөлімшесінің аумағына 100 дана жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Атап айтқанда, алма, алмұрт, өрік, шие және шабдалы ағаштары егілді.
Сондай-ақ, Текелі қаласында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының аумағында көгалдандыру іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының ауласын көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сәндік гүлдер – нәркес, астра және лалагүл отырғызылды. Сонымен қатар, мекеме ауласының сыртына 20-дан астам терек көшеттері егілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, әскери нысан аумағын көгалдандыру және әскери қызметшілер арасында табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Бұл игі бастама қызметтік аумақтың көркеюіне өз үлесін қосып қана қоймай, әскери қызметшілердің патриоттық және экологиялық тәрбиесіне де оң әсерін тигізеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті