Еріктілер – Талдықорғанның жүрегі

3

«Жетісу облысы мүгедектігі бар адамдардың қоғамы» ҚБ және «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Еріктілер – Талдықорғанның жүрегі» атты еріктілер слеті өтті. Шара Халықаралық еріктілер күніне орай өткізіліп, жыл бойғы нәтижелер қорытындыланды әрі ең белсенді еріктілер марапатталды.

Бүгінде қалада 9 еріктілік ҮЕҰ жұмыс істейді, ал тұрақты еріктілер саны 300-ден асады. Жыл басынан бері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асқан «Талдықорған қаласында еріктілер қызметін дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы бойынша 20-дан астам шара өткізілді. Бұл жиындар еріктілікті кеңінен насихаттауға және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды. Негізгі басымдық жастарды, студенттерді, оқушыларды және қала тұрғындарын әлеуметтік және экологиялық бастамаларға тартуға берілді. Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ілияс Сағымбеков еріктілерге алғысын білдіріп, Президент Жолдауы мен «Таза Қазақстан» бағдарламасына сәйкес қаладағы еріктілер қозғалысының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жыл бойы еріктілер үшін экотренингтер, оқыту семинарлары, мотивациялық кездесулер ұйымдастырылып, еріктілік ұйымдар арасында эстафеталық жарыстар өткізілді. Экологиялық іс-шараларға тұрақты түрде қатысатын бастамашыл еріктілер топтары құрылып, оларға жан-жақты қолдау көрсетілді. Сонымен қатар жобаның ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берген жергілікті ұйымдар және әлеуметтік серіктестермен тығыз ынтымақтастық орнатылды. «Әрқайсыңыздың қаламыздың дамуына қосқан үлестеріңіз, белсенділіктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз үшін алғыс айтамын», – деп қорытындылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз