4 сәуір күні Талдықорған қаласының аумағында «Бекет-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде,-деп хабарлайды taldykorgan-online. kz. өзге дереккөздерге сүйене отырып.
Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу әртүрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Жетісу облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдарға тартылған қызметшілердің заңды талаптарын орындауды сұрайды.