Ел болашағын жарық етер жоба

5

Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асып жатыр. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді деп ойлаймын. Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде жетекші алдыңғы қатарда. Осы бар  қорды ел игілігіне жұмсау керек. Атом электр станциясын салу біз үшін экономикалық тиімді жоба болып табылады. АЭС-тің қоршаған ортаға зияны жоқ, бұл орайда мамандар  қауіпсіздік мәселесін  назардан тыс қалдырып  отырған жоқ.  АЭС-ті кез келген жерге салуға болмайды. Халықаралық МАГАТЭ-нің де ұйғарымы бойынша Балқаш көлінің маңайында АЭС салуға еш кедергі келтіретін факторлар жоғын дәлелдеді.

Керімбек Сәрсембайұлы, Жетісу облысы бас имамы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз