Мәжіліс әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғайтын заң жобасын жұмысқа алды, — деп хабарлайды басқа басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.
Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» негізгі заң жобасы және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» іліспе заң жобасын жұмысқа алды.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов заң жобасының негізгі мәнін түсіндірді. Оның сөзінше, бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді.