Талдықорғанның «Тіл шебері» анықталды

109

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, Талдықорған қаласының 80 жылдығына орай «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ бірлесіп ұйымдастыруымен   «Тіл шебері — 2024» қалалық байқауы өтті. Талдықорған жоғары медициналық колледжінің директоры Жансеңгіров Серік Максимұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.   Ал, колледждің  білімгерлері «Шашу» биін билеп, қонақтарға шашу шашылды. «Емдеу ісі» 206, «Стоматолгия» 101, 201 топтарының   білімгерлерінің орындауындағы  «Қазақтың баласы» әні көрерменнің рухын оятып, құлақтың құрышын қандырды.

Тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау  мақсатында ұйымдастырылған  байқауға 16-22 жас аралығындағы колледждердің студенттері қатысты. Өнертаным, Ойтаным, Елтаным бағыттарын қамтыған сайыста жастар  қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, тәуелсіз еліміздің жетістіктері, Талдықорған қаласының дамуы жөніндегі сұрақтарға жауапты қазақша, орысша,  ағылшынша  қайтарды.

Байқаудың  9  үміткері өз білімдерін ортаға салды. Байқаудың аты байқау. Жеңіс бар жерде, жеңіліс болады. Қара қылды қақ жарған әділқазы мүшелері байқау жеңімпаздарын анықтады.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «ZHANSUGUROV COLLEGE»  білімгері Амина  Базархановаға жүлделі  І орын беріліп, жеңімпаз атанды. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білімгері Мансұр Айдынұлы  мен Талдықорған заң колледжінің білімгері  Бақдәулет Абдикалыков ІІ орынға лайық деп табылды.   Ал,  «Авиценна» медициналық колледжі білімгері Ернар  Арғын және Талдықорған қаласының инновация колледжінің білімгері  Гүлзат Сәкен  жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Байқау  қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы  сыйлықтармен марапатталды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз