Ардагерлерге құрмет

2060

«Талдықорған  қаласының жұмыспен  қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік   мекемесінің мәліметіне сүйене отырып хабарлаймыз.  Мерекелерге орай ардагерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік төлемдер жасалған.

 Бұл орайда, 2020 жылдың  6 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» №322-VІ Заңының негізінде  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне  әлеуметтік көмектер көрсетіледі.

 Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының  2023 жылғы   15 қарашадағы «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы № 11-68 шешімінің негізінде келесідей біржолғы әлеуметтік көмектер қарастырылған:

 ағымдағы жылдың ақпан айында 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күніне орай  307 Ауған соғысының ардагерлеріне 200,0 мың теңгеден,  олардың 6  жесірлеріне 200,0 мың теңгеден;

 Ал, 26 сәуір — Чернобыль апатының күніне орай  апатқа  қатысқан 99 азаматқа және 12 олардың жесірлеріне 150 мың теңгеден  барлығы 16,6 млн. теңге төленді.

  9 мамыр – Жеңіс күніне орай келесідей төлемдер:

Ұлы Отан соғысының  3 ардагерлері 1,5 млн. теңгеден  бөлінген  қаржыны алды.

 655 тыл ардагерлеріне 60,0 мың теңгеден;  қайтыс болған  Отан соғысының ардагерлерінің 30 жесірлеріне              60,0 мың  теңгеден; 

 Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 76 әскери қызметшілерге  150,0 мың теңгеден;

 Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 41 әскери қызметшілерге 150,0 мың теңгеден;

 Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан  4 әскери қызметшілерге  150,0 мың теңгеден ;

 Бұрынғы КСРО қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған 56 әскери қызметшілерге 100,0 мың теңгеден;

75 бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150,0 теңгеден  төлем жасалуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз