Оқушылар тоғызқұмалықтан Гиннестің рекордтар кітабына енді

4296

 «Тоғызқұмалақ күніне» орай 2000-нан астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online. kz.

Мұны Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының өкілі Қарлығаш Жаппар тіркеді. Ол рекордты бекіту туралы арнайы сертификат берді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды.

Алматы қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік ойынының ордасы болып таңдалды. Бұл туралы Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов хабарлады.

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз