«Асыл» орталығы: жаңа бағыттағы тың жобалар жандануда

126

Бүгінде елімізде табиғи өнімге деген сұраныс өте жоғары. Мемлекет басшысының қолдауымен Талдықорған қаласында жаңа бағыттағы тың жобаларды жүзеге асырып жатқандар жетерлік, солардың бірі  — «Асыл» тұқым орталығы ЖШС. Шаруашылық  басшысы Мұхтар Ерденовтың айтуынша,  қазіргі күні  ірі қара тұқымын асылдандырудан бөлек, сүт бағытындағы жұмыстарын да жандандырып отыр.

Атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу мақсатында қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы барып, орталықтың жұмысымен танысып, істеріне табыс тіледі.

Етті бағытта жұмыс істеп отырған шаруа қожалығы бүгінде 15 қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта сүт бағытында ісін іргелетуді жоспарлап отыр. Оған дәлел қазіргі таңда қожалықта 140-қа жуық асыл тұқымды «Алатау» ірі қаралары болса, соның 80 басы сауынды.

«Бұл шаруа қожалығының тарихы терең. Әкем Бекен Ерденұлы сонау кеңестік дәуірдің өзінде ірі қараны асылдандыру бағытында ғалымдармен тынымсыз еңбек етіп, оң нәтижеге жетіп «Ақ бас», «Алатау» және «Әулиекөл» тұқымының сақталуына өзіндік үлесін қосты. Әрине ол жұмыстарды одан әрі дамытуға ат салысамын. Сонымен қатар, ойымда сүт бағытында жұмыс істеп, одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отырмын», — деді Мұхтар Ерденов.

Бүгінде шаруа қожалығы 80 зеңгі баба төлінен 700 литр сүт жинап, қаламызда сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын ең ірі «JLC» зауытына тапсырып, халықты сапалы сүт өнімдерімен қамтып отыр. Алдағы уақытта, Мұхтар Ерденов асыл тұқымды қазақтың «Ақ басы» аталынып кеткен ірі қара тұқымын Жетісу жерінде жерсіндіріп, төл басын арттыруды жоспарлауда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз