Адалдық алаңы: заңсыздықтарға жол берілмейді

1697

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Жетісу обысы бойынша департамент басшысы Саян Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесті. Саян Қылышұлы «2024 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы   облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру туралы»  қысқаша баяндады.

 «Жетісу облысының сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерінің  картасына 9 сала енгізілген. Ағымдағы жылдың басынан бері  бұл аталмыш  картаның 9 саласының 8-і қамтылды. Бұл тәуекелдер картасы өңір халқы үшін неғұрлым сезімтал салалардағы тәуекелдерді болдырмауға және бюджетке келтірілген залалды болдырмауға бағытталған. Әлеуметтік саланың барлық бағыттары қамтылды».

Білім беру, денсаулық сақтау саласында заңсыз төлем төлеудің жолы кесіліпті.  Өткен аптада Талдықорған қаласының білім  бөлімі және мектептердің есепшілеріне  қатысты бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен сот үкімі шықты. Осы ОПГ қатысушылары білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен 4,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған. Сот оларды кінәлі деп тауып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сондай-ақ, Талдықорған қаласының білім бөлімінің басшысы пара алғаны және ұрлағаны үшін, оның ішінде осы ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекетінің фактілерін бухгалтерлерден жасырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сарқан ауданының білім бөлімінің бухгалтері «Қазпошта» арқылы  қаражат ұрлаудың қылмыстық схемасын анықталып, жолдары кесілді.

Айтар болсақ, әлеуметтік қолдау саласында мүгедектікті белгілегені және ұзартқаны үшін облыстың еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы тарапынан жүйелі парақорлыққа жол берілмеді.

Қылмыстық істі зерделеу негізінде осындай тәуекелдерді жою жөнінде ұсыныстар енгізілді.  Шекаралық өткізу пункттері мен экология, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерімен кездесулер өткізілуде.

 Талдықорған қаласының бірқатар көшелері бойынша жолдар саласында 2025-2026 жылдарға арналған сметаға 351,7 млн. теңге сомасына жұмыс істемейтін жұмыс көлемін енгізу фактілері анықталды. Оларды өзге көшелерді жөндеуге қайта бөлу қамтамасыз етілді.

 Ал, Матай станциясының автожол учаскесін жөндеуді жедел сүйемелдеу шеңберінде 578,8 млн. теңге сомасына жұмыстардың орындалмағаны анықталды.  Нысан ағымдағы жылдың қазан айында тапсырылады деп жоспарланған.

 «Бизнеске жол» жобасы аясында 3 мыңға жуық ШОБ субъектілерінің құқықтары қорғалды . Мемлекеттік сатып алу мониторингімен 301 млн. теңге үнемделді. Әкімшілік жауапкершілікке 10 адам тартылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу мақсатындағы жұмыстар жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз