Талдықорған қаласында «Jetisu book fair» кітап жәрмеңкесі өтеді

966

2024 жылғы 25-29 қаңтар күндері аралығында сағат 10.00-ден бастап Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесі өтеді. Кітап жәрмеңкесін Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастыруда.

Кітап жәрмеңкесі облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптар мен мерейтой иелерінің кітап көрмелерімен таныстырудан басталады.

Жәрмеңке аясында көпшілік үшін «Muzycal party» класcикалық музыка кеші, «Сан сұраққа саяхат»  викториналық ойындар және  «Библио спорт» алаңында тоғызқұмалақ және шахмат ойындары ұйымдастырылады.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеге «Ziyat», «Атамұра», «Асыл қазына» сияқты кітап дүкендері, жеке кәсіпкерлер және жергілікті ақын-жазушылар өздерінің кітаптарын қала қонақтары мен жұртшылығына қолжетімді бағада ұсынады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз