Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: профилактикалық кездесу

1511

 Жуырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша Департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Б. Өмірбеков «Жетісу облысының Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті» РММ-нің ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары жеткізілді.

Сыртқы талдау көрсеткендей, Департаменттің қызметі саласында ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметте белгілі бір кемшіліктер бар.

Осылайша, медициналық-әлеуметтік сараптамалар желісі бойынша қолданыстағы жүйе көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланысты болдырмау үшін куәландырудың барлық процесін цифрландыру бөлігінде елеулі өзгерістерді талап етеді.

Зейнетақы төлемдері желісі бойынша көптеген көздерден зейнетақы аударымдары бойынша лимит белгілеу бөлігінде салалық нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізу ұсынылды.

Бақылау желісі бойынша бақылау объектілерін тексеру жоспарынан алып тастауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізу ұсынылды.

Департаменттің өзінің әкімшілік ғимараты жоқ, бұл үй-жайларды қымбат жалға алу үшін бюджет қаражатын айтарлықтай жұмсауға әкеледі.

Нәтижесінде қатысушылардың назары бұдан әрі қызметте жоғарыда аталған тәуекелдерді болдырмау туралы жеткізілді.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ Агенттіктің 1424 колл-орталығының жұмысы түсіндірілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз