Балағат сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды

5393

Ел Президентінің 3 қаңтар күнгі қол қойған заңдағы өзгерістерге сай енді қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл төлейтін болады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,  аталған әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 6 наурыздан бастап күшіне енді. Сондай-ақ, азаматтарға балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұл көлемі 4 есеге  өскен. Енді боқтық айту ұсақ бұзақылыққа жатады. Егер  құқық бұзушы айыппұлдан жалтарса 30 тәулікке қамалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз