«Тіл- татулық тірегі» фестивалі өтті
Қоғамда мемлекеттік тілдің ықпалы ерекше. Өйткені ол барша қазақстандықтарды ортақ идеологияға жұмылдыратын киелі құрал. Жетісу облысыының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «Тіл –татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өтті.
Ең алдымен, Бикен Римова атындағы драма театр әртістерінің қойылымы татулық пен бірлікке бастаған тілге арналды. Мұнан кейін Жетісу облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Е.Ақшабаев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ...
Тұмауға қарсы иммундау маусымы басталды
Өңірдің барлық емханаларында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға бағытталған «Тұмауға қарсы егілейік» акциясы басталды. Акцияға облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, облыстық денсаулық сақтау және Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары қатысып, халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұмау жұқпасының алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту. Жыл сайын жергілікті бюджеттен иммундауға жататын...
Тергеу амалының жаңа тәсілі
Бүгінгі таңда әлемде, соның ішінде елімізде де киберқылмыстардың саны мен түрі көп. Оның ең кең таралған және қауіпті түрі – электрондық ұрлық, яғни, интернет алаяқтық. Кейінгі 6 жылда осындай қылмыстардың саны 10 есеге артты, 2 мыңнан 20 мың оқиғаға дейін тіркелген. Салдарынан ел тұрғындарына келтірілген залал миллиардтаған теңгемен есептеледі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы облысы полиция...
«Шахмат керуені» Талдықорғанда
«Шахмат керуені» жобасы аясында Жетісудың үздік әуесқой шахматшылары анықталды. Бұл өңірлерде шахмат спортын кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған республикалық жоба, Freedom Broker бас серіктесінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
10 қыркүйекте жолға шыққан автокеруен Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Семей және өзге де қалаларды аралап үлгерді. Енді 10 қарашаға дейін еліміздің түкпір-түкпіріне сапар шегеді. «Турнирдің мақсаты – шахматты әуесқой ойыншылар арасында көбірек насихаттау. Оған...
Ұлытауда өткен «Жас архившілер» байқауында «Жетісу жұлдыздары» топ жарды
Осы жылғы қыркүйек айының 28-29 күні аралығында «Ұлытау – түркі өркениетінің жерұйығы» тақырыбында V республикалық «Жас архившілер» байқауы ұйымдастырылған болатын. Бұл республикалық шара «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ және «Ұлытау облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында өткізілді.
Тартысты бәсекеге Қазақстан Республикасы Президенті архиві «Жас қыран», Жетісу облысының мемлекеттік архиві «Жетісу жұлдыздары», Атырау облысынан «Атыраулық ...
Kinder fest» балалар шығармашылық фестивалінде 25 келі торт кесілді
Қала күніне орай, «Оқушылар сарайы» алаңында «Kinder fest» балалар шығармашылық фестивалі өтті. Шарада «Мұрагер» домбырашылар ансамблі, «Солнышко» үлгілі хореографиялық би ансамблі және де басқа топтар өз өнерлерін ортаға салды.
Қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы фестиваль қонағы болып, мерекеге арналып дайындалған тәтті тортты салтанатты түрде кесіп, өнер мен шығармашылыққа жаны құмар дарынды балдырғандарды мерекемен құттықтап, оқуда озат болуды тіледі.
Балаларға арналған тәтті тағам...
Қала күні: 25 отбасына баспана кілті табысталды
Қала күні мерекесінде баспаналы болған қуаныш иелерін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы құттықтап, баспаналардың кілтін табыстады.
Осы күні баспаналы болғандар көпбалалы отбасылар санатындағы қала тұрғындары. Естеріңізге салар болсақ, жыл соңына дейін тағы 11 отбасыға осындай баспаналардың кілтін беру жоспарлануда.
Талдықорғанда тұрғын үй кезегінде 15 мыңнан аса азамат тұрса соның, биыл әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар үшін 290 пәтер пайдалануға берілді.
«Мемлекеттің әлеуметтік...
Аида Балаева Жетісу жұртшылығымен жүздесті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Талдықорған қаласында халықпен кездесу өткізді. Жетісу облысының орталығы Талдықорғандағы Оқушылар сарайында өткен жиынға кітапхана, театр, БАҚ өкілдері, жастар, тұрғындар қатысты.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан реформалар, мәдениет пен әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары саласында іске асып жатқан жұмыстардың барысы турасында айтылды.
- Мемлекет үшін ең алдымен береке мен бірлік қажет. Тыныштық орнаған жерде...
Мақал — сөздің мәйегі
Қала күні аясында Талдықорған қаласының әкімдігі «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан халқы тілдерінің күні айлығына орай «Мақал - сөздің мәйегі» атты қалалық байқау ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқаудың мақсаты - жас ұрпақты бабаларымыздың заманалар бойы жинаған ...
«Талдықорған марафоны» мәреге жетті
Жетісу облысының орталығы Талдықорғанның қала күніне орай «Талдықорған марафоны» өтті. Аймақ тұрғындары арасында жаяу жүгіруден өткен жарысқа жалпы 500-ге жуық адам қатысты.
Бұқаралық спортты дамытып, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттайтын жарысқа қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 5 топқа бөлінді. Олардың жасының ең кішісі 8-де, үлкені 74-те.
Жарыс басталар сәтте сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы жиналған қауымды қала күнімен құттықтап,...





























